2021 жылдың 8 желтоқсанында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті.
Күн тәртібінде ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен салынудағы құрылыс нысандарының жай-күйі, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының орындалуы және жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында атқарылған жұмыстар жайлы, сонымен бірге аудан бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес, оның алдын алу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәселелер қаралды.
Жауапты басшылардың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылып отырған жұмыстар жөніндегі баяндамаларын тыңдаған Кеңес төрағасы Айтбай Бейсенбайұлы мен кеңес мүшелері өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.