1705Ағымдағы жылдың 14 мамырында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес төрағасы А.Бейсенбайұлы отырысты ашып, күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібінде:

1. Ырғыз ауданының елді мекендерін ауыз сумен қамту мәселесі туралы;
Хабарламашы: Бақтыбаев Амангелді Лайханұлы – «Су шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;

2. Ырғыз ауылындағы тазалық мәселесі және ауыл жанындағы күл-қоқыс полигонының жай-күйі туралы;
Хабарламашы: Қобанов Руслан Құдайбергенұлы – Ырғыз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы;

3. Ырғыз ауданындағы көркейту, көгалдандыру жұмыстары және аудандық жол қатынастарының жай-күйі туралы;
Хабарламашы: Бердібай Тоқтар Нұрлыбекұлы – аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы;

4. 2021 жылдың 8 ақпанында Қоғамдық кеңес отырысында көтерілген мәселелер тізбесінің Іс-шара жоспарының орындалуы туралы;
Қосымша хабарламашылар:
Бердібай Тоқтар Нұрлыбекұлы – аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы (Іс- шара жоспарының 1 және 3 – тармақтары );
Қобанов Руслан Құдайбергенұлы – Ырғыз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы (Іс- шара жоспарының 2 - тармағы);

5. 2021-2023 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізу туралы;
Хабарламашы: Жансүгірова Гүлнар Ақылесқызы – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

  • 002
  • 003
  • 004
  • 005

Кеңес отырысын қорытындылаған төраға А.Бейсенбайұлы мен кеңес мүшелері өз-ұсыныс пікірлерін білдірді.

Мәслихаттың хатшысы

kosayakov
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы
Қызбергенов Нұрлан Қасымханұлы