Ағымдағы жылдың 30 маусымы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында сақтық шараларын сақтай отырып, ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелерді қараған Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес төрағасы А.Бейсенбайұлы отырысты ашып, күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібінде:
1. Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы;
2. Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда жүргізіліп отырған жұмыстар туралы;
3. Нұра ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы туралы;
4. 2021 жылдың 8 ақпанында Қоғамдық кеңес отырысында көтерілген мәселелер тізбесінің Іс-шара жоспарының орындалуы туралы мәселелер қаралды.
Жауапты басшылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылып отырған жұмыстар жөнінде баяндады.
Кеңес төрағасы А.Бейсенбайұлы мен кеңес мүшелері өз сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.