kosayakovҚызбергенов Нұрлан Қасымханұлы
(18.05.1968 ж. Ырғыз с.)

1968 жылы 18 мамырда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылында дүниеге келдім. 1975 жылы Ы.Алтынсарин атындағы мектебінің 1 сыныбына қабылданып, осы мектепті 1985 жылы бітіріп шыққан. 1985 жылы Целиноград қаласында Целиноград финанс-экономикалық техникумына түсіп, аталған техникумды 1989 жылы аяқтаған. 1995 жылы Алматы қаласындағы «Қазақ мемлекеттік басқару академиясын» экономист мамандығы бойынша аяқтаған. 1986-1988 жылдары Совет армиясы қатарында әскери қызмет еткен. 1989-1990 жылдары Ырғыз аудандық қаржы бөлімінде аға экономист болып еңбек жолын бастаған. 1990-1991 жылдары Ырғыз ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясында аға инспектор, 1991-1992 жылдары Ырғыз ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясында бас инспектор, 1992-1997 жылдары салық инспекциясында бөлім бастығы болып қызметтер атқарған.
1997-1998 жылдары аралығында аудандық зейнетақы орталығының Ырғыз аудандық бөлімшесінде бас маман, 1998-2007 жылдары Мемлекеттік төлем орталығының Ырғыз аудандық бөлімшесінің бөлімше бастығы, 2007-2012 жылдары Ырғыз ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған. 2012-2021 жылдары Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген. 2021 жылдың қаңтар айынан бері Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы қызметінде.
Отбасылы, отбасында жолдасы және 2 баласы бар.

Мәслихаттың хатшысы

kosayakov
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы
Қызбергенов Нұрлан Қасымханұлы