Ырғыз аудандық мәслихаты - 1994 жылы 17 наурызда Ырғыз аудандық мәслихаты – депутаттар жиналысы сайлауының бірінші шақырылған сессиясында құрылды. Бірінші шақырылған аудандық мәслихат құрамына 13 депутат сайланды.
Мәслихаттың алғашқы хатшысы болып Айтқұлов Қуаныш сайланып, 1999 жылға дейін қызмет жасады. Аудандық мәслихаттың екінші сайлауы 1999 жылы қазан айында шақырылып, мәслихат құрамына 11 депутат, аудандық мәслихаттың хатшысы болып Өтемұратов Мырзалы сайланды. 2003 жылғы 20 қыркүйекте үшінші рет шақырылған аудандық мәслихат депутаттарының сайлауында 11 дпеутат, мәслихат хатшысы болып екінші рет М.Өтемұратов сайланды. 2007 жылғы 29 тамызда төртінші рет шақырылған аудандық мәслихат депутаттарының сайлауында аудандық мәслихатқа 11 депутат сайланды. Аудандық мәслихат хатшысы болып М.Өтемұратов, тексеру комиссиясының төрағасы болып Қ.Кенжебаев сайланды. 2012 жылғы 15 қаңтарда бесінші рет шақырылған аудандық мәслихат депутаттарының сайлауында аудандық мәслихатқа 11 депутат сайланды. Аудандық мәслихат хатшысы болып К.Қосаяқов сайланды. 2016 жылғы 20 наурызда алтыншы рет шақырылған аудандық мәслихат депутаттарының сайлауында аудандық мәслихатқа 11 депутат сайланды. Аудандық мәслихат хатшысы болып екінші рет К.Қосаяқов сайланды. Мәслихат аппаратында 5 мемлекеттік қызметші бар, аппарат басшысы болып Е.Сермағанбетов қызмет етіп келеді.
Аудандық мәслихаттың бірінші шақырылымның депутаттары: Қ.Айтқұлов, А.Бақтыбаев, Ш.Баекин, М.Дуанбеков, З.Кәлкенбаев, С.Баймұханов, Б.Өтеуова, А.Сарин, Х.Өтеуов, Ж.Омаров, М.Көшербаев, А.Өтесінов, Ә.Есмахан, Е.Тілеубергенов, З.Қалиев.
Аудандық мәслихаттың екінші шақырылымның депутаттары: М.Өтемұратов, И.Сәрсенбаев, А.Пірмамбетов, С.Қалтаев, Х.Өтеуұлы, М.Төкешов, М.Сарманов, З.Қалиұлы, Ж.Сүлейменов, Ж.Дербісов, Р.Дербісалина.
Аудандық мәслихаттың үшінші шақырылымның депутаттары: М.Өтемұратов, М.Мырзалы, Ж.Аманқұлов, А.Прмамбетов, М.Сарманов, М.Шопанов, И.Сәрсенбаев, А.Бақтыбаев, Х.Өтеуұлы, М.Төкешов, Ж.Сүлейменов.
Аудандық мәслихаттың төртінші шақырылымның депутаттары: М.Өтемұратов, Қ.Бөлекбай, И.Сәрсенбаев, Ж.Сүлейменов, Қ.Кенжебаев, Б.Мусин, А.Жолдыбаева, Х.Өтеуұлы, Н.Сәрсенбайұлы, К.Тілеужанұлы, Б.Балдан.
Аудандық мәслихаттың бесінші шақырылымның депутаттары: К.Қосаяқов, Ж.Сүлейменов, Н.Садықов, А.Алданов, Қ.Тілеуғабылов, Б.Сәдірханова, (С.Сапарбаев қайтыс болды) М.Тұрымов, Э.Сисенбаева, А.Қыстаубаева, О.Ипанов, В.Машина.
Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымның депутаттары: К.Қосаяқов, Ж.Сүлейменов (өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты), (А.Оразымбетова Ж.Сүлейменовтің орнына), Н.Садықов, И.Сәрсенбаев, Қ.Тілеуғабылов, Қ.Бөлек, Г.Бақтыбай, А.Қыстаубаева (өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты), (М.Тұрымов А.Қыстаубаеваның орнына), О.Нұрмағанбет, В.Машина, Ұ.Мамырбаев (өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты).

Мәслихаттың хатшысы

kosayakov
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы
Қызбергенов Нұрлан Қасымханұлы