Пятнадцатая внеочередная сессия районного маслихата состоялась 11 апреля текущего года. На повестке дня были изменения в бюджетах сельских округов и утверждение генерального плана поселка Иргиз. Также утверждены схемы застройки и застройки (упрощенный генплан) поселков Нура и Жарма.

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. 

Күн тәртібінде: аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Кенжебаевтың «Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын 2021-2022 жылдардағы қысқы кезеңде қардан тазарту жұмыстарының жүргізілу барысы туралы»; аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Тұртаевтың « Мал қыстату жұмыстарының жүргізілуі туралы» және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Боранкуловтың «Облыс бойынша департаментпен 2021 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында атқарылған жұмыстар туралы» мәселелері қаралды. 

Сонымен қатар, Қоғамдық бақылау институты шеңберінде департамент мамандары  аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы А.Бейсенбайұлымен бірге өңірде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету бойынша жүргізген қоғамдық бақылаудың қорытындысын баяндады. 

Жауапты басшылардың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылып отырған жұмыстар жөніндегі баяндамаларын тыңдаған Кеңес төрағасы Айтбай Бейсенбайұлы мен кеңес мүшелері өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.

1

1

1

1

1

1

Ағымдағы жылдың 30 наурызында Қоғамдық бақылау институты шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ырғыз аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Бейсенбайұлымен бірлесіп, өңірде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету бойынша қоғамдық бақылау жүргізді.

Бақылау обьектісі Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы және аудандық №2 жалпы білім беретін орта мектебімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты болды.

Қоғамдық бақылау жүргізу барысында А.Бейсенбайұлымен мемлекеттік қызмет көрсетуші обьектілердің ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолайлы жағдайлардың жасалуына баса назар аударылды.

Қоғам белсендісі аудандық №2 жалпы білім беретін орта мектебінің ғимаратында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кіруге арналған пандустардың және тактильді белгілерінің Стандартқа сәйкес орнатылу қажеттілігін атап өтті.

Сонымен қатар, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығымен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалуы, азаматтар жиі пайдаланылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің деңгейі, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және т.б. мәселелер бойынша мониторинг жүргізілді

1

1

1

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәслихат депутаттарының ашық дауыс беру жолымен Турымов Марат Орынжайұлы Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
Турымов Марат Орынжайұлы – 1965 жылы 13 наурызда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округінде дүниеге келген.
1972 жылы Жайсаңбай сегізжылдық мектебіне оқуға қабылданып, 1980 жылы бітірген.
1982 жылы Қаракөл орта мектебін бітіріп, «Қыран» комсомол- жастар бригадасында еңбек жолын бастаған.
1983-1988 жылдары Ақтөбе индустриальды-педагогикалық техникумын техник-механик, өндірістік оқыту шебері мамандығы бойынша бітірген.
1984-1986 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскерде қызмет еткен.
1989-1993 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын бітіріп, еңбек және жалпы техникалық пәндер мұғалімі мамандығын алып шықты.
1988-1994 жылдары Қаракөл орта мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі, 1994-2000 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2000-2009 жылдары Тәуіп селолық округінің әкімі, 2009-2010 жылдары Ырғыз аудандық білім бөлімінің, 2010-2012 жылдары Ырғыз аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» («Nur Otan») партиясы Ырғыз аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.
Аудандық мәслихаттың V, VI, VII-ші шақырылымдарының депутаты.
 
Отбасылы, отбасында жолдасы және 4 баласы бар

Аудандық мәслихат хатшысының 2022 жылғы 7 ақпандағы №4 өкімімен бекітілген Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдірген коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Атауы: Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесі;

Пошталық мекенжайын: 030400, Ырғыз ауылы,  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі №96,  №32 каб. Электрондық пошта адресі: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Анықтама үшін телефондар: 79-0-21 және 79-0-23.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар жөніндегі ұсыныстарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына жібереді.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:  Ырғыз ауданы шегінде тұратын, он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

        1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

       2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

       3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін үміткерлер конкурсқа жіберілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші.;

2) өмірбаян деректерді көрсете отырып, кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер.

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтың, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

  1. Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:

      1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;

      3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

  1. Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережеде Қордың Қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидаттарға қосымша талаптар көзделуі мүмкін.

Сонымен қатар, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін екендігін хабарлаймыз.

Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауы тиіс.

Құжаттарды коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар жазбаша түрде Ырғыз ауылы,  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі №96, №32 каб. мекен-жайы бойынша, сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат   12:00-ден 14:00-ге дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, қағаз және электрондық тасымалдағышта ұсынады.

Конкурстық іріктеу үшін қажетті құжаттарды ұсынған кезде Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат оған қатысты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге өз келісімін береді.

Ырғыз аудандық мәслихаты Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Атауы: Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы;

Пошталық мекен жайы: индекс: 030400, Ырғыз ауылы,  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі №96,  №32 кабинет, Электрондық пошта адресі: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Анықтама үшін телефондар: 79-0-21 және 79-0-23.

Құжаттарды тапсыру мерзімі:  2022 жылдың «1» ақпанынан «6» ақпанға дейін.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына жібереді:

 1) осы Үлгілік ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

 2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

 3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

 4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Құжаттарды коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар жазбаша түрде Ырғыз ауылы,  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі №96, №32 каб. мекен-жайы бойынша, сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат   12:00-ден 14:00-ге дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, қағаз және электрондық тасымалдағышта ұсынады.

Ырғыз аудандық мәслихаты  Ырғыз ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі  жұмыс тобынының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізілетіндігі туралы  хабарлайды.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті аудандық мәслихатқа ұсынады немесе электрондық поштаға жолдайды.

Құжаттарды тапсыру мерзімі – осы хабарлама жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

Өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты, пошта мекен-жайы: индекс: 030400, Ырғыз ауылы,  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі №96, №32 каб. Электрондық пошта адресі: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Анықтама үшін телефондар: 79-0-21 және 79-0-23.

Ырғыз аудандық мәслихаты Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Атауы: Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы;
Пошталық мекен жайы: индекс: 030400, Ырғыз ауылы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі №96, №32 кабинет, Электрондық пошта адресі: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Анықтама үшін телефондар: 79-0-21 және 79-0-23.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2022 жылдың «1» ақпанынан «6» ақпанға дейін.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына жібереді:
1) осы Үлгілік ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Құжаттарды коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар жазбаша түрде Ырғыз ауылы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі №96, №32 каб. мекен-жайы бойынша, сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, қағаз және электрондық тасымалдағышта ұсынады.

Ырғыз аудандық мәслихаты Ырғыз ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобынының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті аудандық мәслихатқа ұсынады немесе электрондық поштаға жолдайды.
Құжаттарды тапсыру мерзімі – осы хабарлама жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде.
Өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты, пошта мекен-жайы: индекс: 030400, Ырғыз ауылы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі №96, №32 каб. Электрондық пошта адресі: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Анықтама үшін телефондар: 79-0-21 және 79-0-23.

2812Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасында көрсетілген «Төртінші деңгейдегі бюжетті бөлу» бағдарламасы шеңберінде бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясы өткізілді. Ауылдық округтердің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттері бекітілді.

2212Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезекті оныншы сессиясы өтті. Күн тәртібінде аудандық мәслихат хатшысы есеп беріп, 2022-2024 жылдарға арналған Ырғыз ауданының бюджеті бекітілді.

09122021 жылдың 8 желтоқсанында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті.
Күн тәртібінде ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен салынудағы құрылыс нысандарының жай-күйі, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының орындалуы және жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында атқарылған жұмыстар жайлы, сонымен бірге аудан бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес, оның алдын алу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәселелер қаралды.

Толығырақ...

171116 қараша күні Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесінде Қоғамдық тыңдау өткізілді. Қоғамдық тыңдауды кеңес төрағасы А.Бейсенбайұлы жүргізіп отырды. Күн тәртібінде «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ырғыз аудандық бас маманы С.Құлтазиннің аудан бойынша ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі тыңдалды.
Кеңес төрағасы А.Бейсенбайұлы мен кеңес мүшелері аталған саладағы тиісті мекеме–кәсіпорын басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, елді мекендерде иесіз ит-мысықтарды аулауды заңнама талаптарына сай жүргізу, мал сою алаңдарын салу мәселесін қарастыру бағыттарында ұсыныстарын білдірді

1211Ағымдағы жылдың 12 қараша күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс VIII-ші сессиясы өткізілді. Күн тәртібінде ауданның 2021-2023 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Қызылжар, Құмтоғай ауылдық округтеріне ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту және басқа да мәселелер қаралып, бекітілді.

1009Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде аудан бойынша жер беру, олардың тиімді пайдаланылуы және жер учаскелерін сату, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылы мен күзгі-қысқы кезеңге дайындығы туралы мәселелер қаралды.
Сонымен қатар 2021 жылдың 8 ақпанында Қоғамдық кеңес отырысында көтерілген Ырғыз ауылындағы жаяу жүргіншілер жолдарын сапалы аяқтау және «Зерде үйінің» қазіргі жай-күйі жайлы мәселелердің орындалу барысы тыңдалды. Кеңестің құрғақшылыққа байланысты мал азығын дайындау барысына байланысты аудан әкіміне берген ұсынысының орындалуы да назарға алынды.
Жауапты басшылардың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылып отырған жұмыстар жөніндегі баяндамаларын тыңдаған Кеңес төрағасы Айтбай Бейсенбайұлы мен кеңес мүшелері өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.

0209Ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні аудандық мәслихаттың кезекті алтыншы сессиясы мен тұрақты комиссия отырыстары өткізілді. Күн тәртібінде: Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындаудағы атқарған жұмысы, аудандық мәслихаттың «Қаржы, бюджет, кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы» жөніндегі тұрақты комиссиясының өзіне жүктелген функциялары мен өкілеттіктерінің орындалуы туралы есептері, «Ауыл – ел бесігі» жобасының Аманкөл, Қызылжар ауылдық округтерінде орындалу барысы, «2021-2023 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №359 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Ырғыз аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» мәселелері тыңдалса, тұрақты комиссия отырыстарында «Аудан бойынша ауыз су мәселесінің жай-күйі туралы» және «Ауылшаруашылық құрылымдарының мақсатты жер телімдерін пайдаланудағы аудандық жер қатынастары бөлімінің атқарып отырған жұмысы жайлы» мәселелері қаралды.

2022-2024 жылдарға арналған Ырғыз аудандық мәслихат аппаратының бюджеттік бағдарлама жобасына
Баспасөз релизі

2022-2024 жылдарға арналған Ырғыз аудандық мәслихат аппаратының бюджет жобасы budget.egov.kz интернет порталында жарияланған. Жарияланған уақыты 04.08.2021ж, талқылау мерзімі 15.08.2021жылға дейін.

Бұл жобада 112001042 - «Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 2022 жылға -23349,0 мың теңге, 2023 жылға – 24074,0 мың теңге, 2024 жылға – 24074,0 мың теңге көлемінде жоспарланды.

к проекту бюджетной программы Аппарат Иргизского районного маслихата на 2022-2024 годы

Проект бюджета Аппарат Иргизского районного маслихата на 2022-2024 годы опубликовано на интернет портале budget.egov.kz. Дата публикации 04.08.2021г, срок обсуждения до 15.08.2021г.
В данном проекте по программе 112001042 - Аппарат маслихата района (города областного значения) «Услуги по обеспечению деятельности маслихата района (города областного значения)» на 2022 год - 23349,0 тыс. тенге, на 2023 год – 24074,0 тыс. тенге, на 2024 год – 24074,0 тыс. тенге;

to the project of the budget program The apparatus of the Irgizsky district maslikhat at 2022-2024

The draft budget The apparatus of the Irgizsky district maslikhat for 2022-2024 is published on the Internet portal Budget.Egov.kz. Publication date 08.08.2021, discussion time until 08/15/2021
In this project, the program 112001042 - the device of the Maslyhat area (city of regional importance) "Services to ensure the activities of the Maslikhat district (city of regional importance)" for 2022 - 23349.0 thousand tenge, for 2023 - 24074.0 thousand tenge, for 2024 - 24074.0 thousand tenge;

0107Ағымдағы жылдың 30 маусымы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында сақтық шараларын сақтай отырып, ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелерді қараған Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес төрағасы А.Бейсенбайұлы отырысты ашып, күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібінде:

1. Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы;

2. Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда жүргізіліп отырған жұмыстар туралы;

Толығырақ...

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдарының күштері жойылуына байланысты, сондай-ақ 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Әкімшілік іс жүргізу кодексінің күшіне енуіне байланысты «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос лауазымына орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу бағдарламаларындағы заңнамалық актілерге келесі өзгерістер енгізіледі:

Толығырақ...

0106Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні аудандық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясы өткізілді. Күн тәртібінде: Аудандық қаржы бөлімінің 2020 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы есебі, Ырғыз аудандық полиция бөлімінің атқарған жұмысы туралы, Аудандық білім бөлімінің 2020-2021 оқу жылында атқарған жұмыстары, білім беру деңгейі мен сапасы, білім бөліміне бөлінген бюджеттік қаражаттың нысаналы пайдаланылуы туралы және «2021-2023 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №359 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелері қаралды.

Толығырақ...

1705Ағымдағы жылдың 14 мамырында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес төрағасы А.Бейсенбайұлы отырысты ашып, күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібінде:

1. Ырғыз ауданының елді мекендерін ауыз сумен қамту мәселесі туралы;
Хабарламашы: Бақтыбаев Амангелді Лайханұлы – «Су шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;

Толығырақ...

0504Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс үшінші сессиясы өткізілді. Күн тәртбінде ауылдық округ әкімі аппараттарының бюджеттеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізіліді.

3003Ағымдағы жылдың 19 наурызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес төрағасы А.Бейсенбайұлы отырысты ашып, күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібінде төмендегідей 3 мәселе қаралды:
1. 2020 жылы аудан бойынша қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы;
Хабарламашы: Дүйсенов Тұрлан Мырзабергенұлы – Ырғыз ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары
2. Аудандағы санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының атқарған жұмысы жайлы;
Хабарламашы: Жолдыбай Талғат Сәбитұлы - аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы;

Толығырақ...

2sessionКүн тәртібінде:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығының орындалуы туралы.
2. Пандемияға орай эпидемиолог, инфекционист, реаниматолог, пульмонолог, кардиолог мамандықтарын иеленетін дәрігерлерді даярлау мәселесінің аудан көлемінде орындалу барысы туралы.
3. Ырғыз ауданы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы.
4. «2021-2023 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №359 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және басқа да мәселелері қаралды.

Толығырақ...

2602Ағымдағы жылдың 8 ақпанында Ырғыз ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Жиында аудан әкімі Әділкерей Әуелбаев өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алда тұрған міндеттермен бөлісті.
Кеңес мүшелері тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді қозғап, өз ұсыныстарын білдірді. Аудан әкімі қойылған сауалдарға жауап бере келе маңызды мәселелерді бірлесе отырып шешуге шақырды

Толығырақ...

1session2021 жылдың 14 қаңтар күні аудандық мәслихаттың VII шақырылған депутаттарының кезекті бірінші сессиясы өтті. Аудандық мәслихат хатшысы болып Қызбергенов Нұрлан Қасымханұлы сайланды. «Заңдылық, құқық қорғау, аумақты дамыту бағдарламасы және әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссиясының» төрайымы болып Утеуова Бакытгул Хамитқызы, «Қаржы, бюджет, кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссияның» төрағасы болып Таңқаев Нұри Жансерікұлы сайланды. «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция жетекшісі болып Турымов Марат Орынжайұлы сайланды. Депутаттарға төсбелгілер мен куәліктер табысталды.

Толығырақ...

57sessionАғымдағы жылдың 24 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезекті 57 сессиясы өтті. Күн тәртібінде: «2021-2023 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» мәселесі қаралды. Сессиядан кейін VI шақырылым депутаттарын аудандық мәслихат хатшысы алғыс хаттармен марапаттады.

Толығырақ...

Мәслихаттың хатшысы

WhatsApp_Image_2022-03-30_at_18.43.09.jpeg
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы
Турымов Марат Орынжайұлы