Ырғыз аудандық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және өкілді органдардың жұмыстарын регламенттейтін басқа да заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Тұрғындардың еркін білдіру, оларды іске асыру үшін шараларды айқындау, оларды жүзеге асыруды бақылау, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету мәслихаттың негізгі мақсаттары болып табылады.
Атқарушы органдармен, барлық меншік үлгісіндегі шаруашылық субъектілермен, қоғамдық ұйымдармен өзара келісілген іс – әрекеттерді негізге ала отыра, Ырғыз аудандық мәслихаты өз қызметін мынадай шараларды орындауға бағыттайды:
1. Экономикалық, қаржы, мемлекеттік бюджеттің стратегиялық мәселелерді:
- мемлекеттік активтерді басқару;
- мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасы;
- инвестициялар тарту.
2. Экономиканы жедел басқару және өңірлік саясат, көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту:
- құрылысты дамыту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту;
- энергияның жаңартылатын көздері;
- экспортқа ет шығару;
- қоршаған ортаны қорғау.
3. Ел экономикасы Үшінші жаңғыртуды жобалық басқару. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі, қаржы секторын дамыту, макроэкономикалық, бюджет, салық.
ШОБ-пен мемлекеттік-әкімшілік әріптестік.
- білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, жұмыспен қамту, дін, туризм, мәдениет және спорт, демография және көші-қон.
4. Цифрландыру және цифрлық экономиканы дамыту, ақпараттандыру, байланыс, «Электрондық үкіметті», ақпараттық технологияны дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру, спутниктік байланысты дамыту, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру.
5. Агроөнеркәсіптік кешен:
- жер қатынастары, су ресурстары, орман шаруашылығы;
- ауылда нәтижелі жұмыспен қамту.
2018 жылға белгіленген шараларды іске асыру үшін мынадай мәселелерді қарау жоспарланады:

I. Аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелер
I тоқсан

1. Ырғыз аудандық мәслихат хатшысының атқарған жұмыстары туралы есебі.
2. Ырғыз ауылдық округінің бюджеті және олардың атқарылуы туралы есебі.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы «Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл күйінің аса маңызды компоненті», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» реформасын жүзеге асырудағы аудандық орталық аурухананың 81, 82 және 83 қадамдарда аудан бойынша жүргізген жұмыстары және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы».

II тоқсан

1. Аудандық қаржы бөлімінің 2018 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы есебі.
2. Қызылжар ауылдық округінің бюджеті және олардың атқарылуы туралы есебі.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы «Құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер енгізу» және Ырғыз ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің жай-күйі және одан әрі күшейту бойынша шаралар туралы

III тоқсан

1. Аудан әкімі М.Елеусізовтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындаудағы атқарған жұмысы туралы есебі.
2. Аудандық мәслихаттың қаржы, бюджет және аумақтық дамыту бағдарламасы жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы В.Машинаның өзіне жүктелген функциялары мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 13 қарашадағы «2019 жыл -жастар жылы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының заңындағы жастарды оқыту мен еңбекке орналастыру және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының өзіне жүктелген міндеттерін орындау барысында атқарып жатқан жұмыстарының есебі туралы.

IV тоқсан

1. «2020-2022 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы»
2. Аманкөл ауылдық округінің бюджеті және олардың атқарылуы туралы.
3. Аудандық мәслихаттың заңдылық, құқық қорғау, кәсіпкерлікті дамыту және ауылшаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы И.Сәрсенбаевтың өзіне жүктелген функциялары мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.

Мәслихаттың хатшысы

kosayakov
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы
Қызбергенов Нұрлан Қасымханұлы