Ырғыз аудандық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және өкілді органдардың жұмыстарын регламенттейтін басқа да заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Тұрғындардың еркін білдіру, оларды іске асыру үшін шараларды айқындау, оларды жүзеге асыруды бақылау, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету мәслихаттың негізгі мақсаттары болып табылады.
Атқарушы органдармен, барлық меншік үлгісіндегі шаруашылық субъектілермен, қоғамдық ұйымдармен өзара келісілген іс – әрекеттерді негізге ала отыра, Ырғыз аудандық мәслихаты өз қызметін мынадай шараларды орындауға бағыттайды:
1. Экономикалық, қаржы, мемлекеттік бюджеттің стратегиялық мәселелерді:
- мемлекеттік активтерді басқару;
- мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасы;
- инвестициялар тарту.
2. Экономиканы жедел басқару және өңірлік саясат, көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту:
- құрылысты дамыту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту;
- энергияның жаңартылатын көздері;
- экспортқа ет шығару;
- қоршаған ортаны қорғау.
3. Ел экономикасы Үшінші жаңғыртуды жобалық басқару. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі, қаржы секторын дамыту, макроэкономикалық, бюджет, салық.
ШОБ-пен мемлекеттік-әкімшілік әріптестік.
- білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, жұмыспен қамту, дін, туризм, мәдениет және спорт, демография және көші-қон.
4. Цифрландыру және цифрлық экономиканы дамыту, ақпараттандыру, байланыс, «Электрондық үкіметті», ақпараттық технологияны дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру, спутниктік байланысты дамыту, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру.
5. Агроөнеркәсіптік кешен:
- жер қатынастары, су ресурстары, орман шаруашылығы;
- ауылда нәтижелі жұмыспен қамту.
2020 жылға белгіленген шараларды іске асыру үшін мынадай мәселелерді қарау жоспарланады:

I. Аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелер

I тоқсан

1. Ырғыз аудандық мәслихат хатшысының атқарған жұмыстары туралы есебі.
2. Өңірлерді дамытудың жаңа бағдары мен «Ауыл-ел бесігі» жобасы шеңберіндегі ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша аудандағы салынып жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысы және алдағы мерзімде салынатын құрылыс жобалары іс-шараларын іске асыру барысы туралы.

II тоқсан

1. Аудандық қаржы бөлімінің 2019 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы есебі.
2. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы және аумақты дамыту бағдарламасының аудан бойынша 2019 жылғы қорытындысы, 2020 жылға арналған кешенді жоспарының әрбір бағыттары бойынша орындалуы туралы, «Жұмыспен қамтудың Жол картасына енген объектілерге жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығына тартудағы атқарған жұмыстары туралы».
3. «Төтенше жағдай кезіндегі Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік қолдауға жататын санаттарына көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларының ауданда орындалу барысы туралы».
4. «Қазақстан Республикасының Су кодексінің 2003 жылғы 9 шілдедегі №481 «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, Заңына сәйкес, «Су шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметіне қойылатын талаптардың орындалуы туралы».

III тоқсан

1. Аудан әкімі А.Шахиннің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындаудағы атқарған жұмысы туралы есебі.
2. Аудандық мәслихаттың қаржы, бюджет және аумақтық дамыту бағдарламасы жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы В.Машинаның өзіне жүктелген функциялары мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.

IV тоқсан

1. «2021-2023 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы»
2. Аудандық мәслихаттың заңдылық, құқық қорғау, кәсіпкерлікті дамыту және ауылшаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы И.Сәрсенбаевтың өзіне жүктелген функциялары мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.

Мәслихаттың хатшысы

kosayakov
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы
Қызбергенов Нұрлан Қасымханұлы