Ырғыз аудандық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және өкілді органдардың жұмыстарын регламенттейтін басқа да заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Тұрғындардың еркін білдіру, оларды іске асыру үшін шараларды айқындау, оларды жүзеге асыруды бақылау, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету мәслихаттың негізгі мақсаттары болып табылады.
Атқарушы органдармен, барлық меншік үлгісіндегі шаруашылық субъектілермен, қоғамдық ұйымдармен өзара келісілген іс – әрекеттерді негізге ала отыра, Ырғыз аудандық мәслихаты өз қызметін мынадай шараларды орындауға бағыттайды:
1. Экономикалық, қаржы, мемлекеттік бюджеттің стратегиялық мәселелерді:
- мемлекеттік активтерді басқару;
- мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасы;
- инвестициялар тарту.
2. Экономиканы жедел басқару және өңірлік саясат, көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту:
- құрылысты дамыту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту;
- энергияның жаңартылатын көздері;
- экспортқа ет шығару;
- қоршаған ортаны қорғау.
3. Ел экономикасы Үшінші жаңғыртуды жобалық басқару. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі, қаржы секторын дамыту, макроэкономикалық, бюджет, салық.
ШОБ-пен мемлекеттік-әкімшілік әріптестік.
- білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, жұмыспен қамту, дін, туризм, мәдениет және спорт, демография және көші-қон.
4. Цифрландыру және цифрлық экономиканы дамыту, ақпараттандыру, байланыс, «Электрондық үкіметті», ақпараттық технологияны дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру, спутниктік байланысты дамыту, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру.
2

5. Агроөнеркәсіптік кешен:
- жер қатынастары, су ресурстары, орман шаруашылығы;
- ауылда нәтижелі жұмыспен қамту.
2021 жылға белгіленген шараларды іске асыру үшін мынадай мәселелерді қарау жоспарланады:

I. Аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелер

I тоқсан
1. «Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығының орындалуы туралы.
Хабарламашы: Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.
2. Пандемияға орай эпидемиолог, инфекционист, реаниматолог, пульмонолог, кардиолог мамандықтарын иеленетін дәрігерлерді даярлау мәселесінің аудан көлемінде орындалу барысы туралы.
Хабарламашы: Ырғыз аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері
3. Ырғыз ауданы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы.
Хабарламашы: Ырғыз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.

II тоқсан

1. Аудандық қаржы бөлімінің 2020 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы есебі.
Хабарламашы: Аудандық қаржы бөлімінің басшысы.
2. Ырғыз аудандық ішкі істер бөлімінің атқарған жұмысы туралы.
Хабараламашы: Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы.
3. Аудандық білім бөлімінің 2020-2021 оқу жылында атқарған жұмыстары,білім беру деңгейі мен сапасы, білім бөліміне бөлінген бюджеттік қаражаттың нысаналы пайдаланылуы туралы.
Хабарламашы: Аудандық білім бөлімінің басшысы.

III тоқсан
1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындаудағы атқарған жұмысы туралы есебі.
Хабарламашы: Аудан әкімі.
2. Аудандық мәслихаттың қаржы, бюджет, аумақтық дамыту бағдарламасы және әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссиясының өзіне жүктелген функциялары мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.
Хабарламашы: Аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы
3. «Ауыл – ел бесігі» жобасының Аманкөл, Қызылжар ауылдық округтерінде орындалу барысы туралы.
Хабарламашылар: Аманкөл, Қызылжар ауылдық округтерінің әкімдері.

IV тоқсан
1. Аудандық мәслихат хатшысының есебі.
Хабарламашы: Аудандық мәслихат хатшысы.
2. «2022-2024 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы»
Хабарламашы: Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
3. Аудандық мәслихаттың заңдылық, құқық қорғау, кәсіпкерлікті дамыту және ауылшаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының өзіне жүктелген функциялары мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі.
Хабарламашы: Аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы

ІI. Аудандық мәслихаттың тұрақты комисияларының отырыстарында қаралатын мәселелер

І) Қаржы, бюджет, кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссия:

I тоқсан
1. 2020 жылға және 2021 жылдың І тоқсанына Тәуіп ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы.
Хабарламашы: Тәуіп ауылдық округінің әкімі

IІ тоқсан
1. Ауданның 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы.
Хабарламашы: Аудандық қаржы бөлімі.

IІІ тоқсан
1. Аудан бойынша ауыз су мәселесінің жай-күйі туралы.
Хабарламашы: Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

IV тоқсан
1. Ауданның 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.
Хабарламашы: Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

І) Заңдылық, құқық қорғау, аумақты дамыту бағдарламасы және әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссия:

I тоқсан
1. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының 2020 жылы Ырғыз ауылдық округінде атқарылған жұмыстар барысы туралы.
Хабарламашы: Ырғыз ауылдық округінің әкімі.

II тоқсан
1. Нұра ауылдық округі әкімінің ауылшаруашылық саласында атқарған жұмыстары туралы.
Хабарламашы: Нұра ауылдық округінің әкімі.

ІІІ тоқсан
1. Ауылшаруашылық құрылымдарының мақсатты жер телімдерін пайдаланудағы аудандық жер қатынастары бөлімінің атқарып отырған жұмысы жайлы.
Хабарламашы: Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

IV тоқсан

1. Ырғыз ауылындағы спорт мектебінің материалдық-техникалық жабдықталу жағдайы және олардың оқу-жаттығу бағдарламаларын жүзеге асыру барысы туралы.
Хабарламашы: Аудандық балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебінің директоры.

Мәслихаттың хатшысы

kosayakov
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы
Қызбергенов Нұрлан Қасымханұлы