Ырғыз аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған
Аудандық мәслихаттың
2021 жылғы «21» желтоқсандағы
№89 шешіміне қосымша
I. Аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелер
I тоқсан
- Аудандағы ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, эпизотиялық жағдайды тұрақты ұстау және ветеринарлық іс шаралардың орындалуы туралы. Хабарламашылар: Аумақтық инспекция (Е.Жүсіпов) Ветеринарлық станция мекемелері.
- Аудан бойынша тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін орындардың жай күйі туралы. Хабарламашы: Аудандық тұрғын үй, комманалдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
II тоқсан
- Аудандық қаржы бөлімінің 2021 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы есебі. Хабарламашы: Аудандық қаржы бөлімінің басшысы.
- Ырғыз ауылының бас жоспары туралы. Хабарламашы: Ырғыз ауылының әкімі.
III тоқсан
- Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындаудағы атқарған жұмысы туралы есебі. Хабарламашы: Аудан әкімі.
- Аудандық мәслихаттың «Қаржы, бюджет, кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы» жөніндегі тұрақты комиссиясының өзіне жүктелген функциялары мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі. Хабарламашы: Аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы
IV тоқсан
- Аудандық мәслихат хатшысының есебі. Хабарламашы: Аудандық мәслихат хатшысы.
- «2023-2025 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы»
- Хабарламашы: Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
- Аудандық мәслихаттың «Заңдылық, құқық қорғау, аумақты дамыту бағдарламасы және әлеуметтік сала» жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының өзіне жүктелген функциялары мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есебі. Хабарламашы: Аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы.
ІI. Аудандық мәслихаттың тұрақты комисияларының
отырыстарында қаралатын мәселелер
І) Қаржы, бюджет, кәсіпкерлікті дамыту және
ауыл шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссия:
I тоқсан
- 2021 жылға және 2022 жылдың І тоқсанына Ырғыз ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы.
Хабарламашы: Ырғыз ауылдық округінің әкімі.
IІ тоқсан
- Ауданның 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы.
Хабарламашы: Аудандық қаржы бөлімінің басшысы.
IІІ тоқсан
- Қызылжар ауылдық округі әкімінің ауылшаруашылық саласында атқарған жұмыстары туралы.
Хабарламашы: Қызылжар ауылдық округінің әкімі.
IV тоқсан
- Ауданның 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы.
Хабарламашы: Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
І) Заңдылық, құқық қорғау, аумақты дамыту бағдарламасы және әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссия:
I тоқсан
- Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының 2021 жылы Аманкөл ауылдық округінде атқарылған жұмыстар барысы туралы. Хабарламашы: Аманкөл ауылдық округінің әкімі.
II тоқсан
- Туризмді дамыту мәселесі туралы. Хабарламашы: Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
ІІІ тоқсан
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау туралы. Хабарламашы: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
IV тоқсан
- Аудан көлемінде мал ұрлығын алдын алу мәселесі туралы. Хабарламашы: Аудандық полиция бөлімінің бастығы.